Мұхамедиұлының адвокаты: Қылмыстық іс Жаманқұловтың арызы бойынша қозғалды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 17 сәуір, 2023

Арыстанбек Мұхамедиұлы Байқоңыр ауданы №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысовтан өзін денсаулығына байланысты үйқамаққа ауыстыруын сұрады, деп Turkistan Today хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Экс-министрдің адвокаты Мұстахим Төлеев сот отырысының нәтижесіне байланысты сот төрағасы кеңесу бөлмесіне шешім қабылдауға кеткенін алға тартып, нақты жауап бере алмайтынын айтты.

Соттың дауын өткізу туралы Қылмыстық кодекстің 321-бабына сай осындай талап қойдық. Бұл мәселенің ішінде бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру, ешқандай негізі болмаған соң, қылмыстық қудалауды қысқарту сынды талаптар бар. Оны қалай шешетінін сот төрағасы айтады, - деді ол.

Сондай-ақ адвокат тергеп-тексеру әрекетінің нәтижесі туралы мәлімет жеткілікті емес екенін алға тартты.

Менің қорғауымдағы Ұлттық мұражайдың бұрынғы бас директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ешқандай кінәсі жоқ. Оған жеткілікті дәлел жоқ. Сол себепті төрағалық етуші судьяның алдында үлкен күрделі мәселе тұр. Мұны қалай шешетінін уақыт көрсетеді. 2022 жылғы 26 мамырда қылмыстық іс қозғалған кезде, алдын ала қорытынды бойынша 111 миллион теңгені Үндістандағы көрмеге заңсыз пайдаланды деп айып тақты. Араға тоғыз ай салып 111 миллион теңге 221 миллион 411 мың теңгеге жетті. Ешқандай дәлесіз болды, – дейді Мұстахим Төлеев.

Адвокат Тұңғышбай Жаманқұловты көпе-көрнеу жалған ақпарат таратып, Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу мақсатында прокуратураға жалған деректерді алға тартып арызданғанын айтты.

Соның негізінде заңсыз қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүрді. Мұның саяси астары жоқ. Тек кек алу мақсаты деп айтар едім. Кезінде Тұңғышбай қылмыстық жауапкершілікке ұшырап, сотталған болатын. Ол Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қатысты іске себеп деп ойлаған. Сондықтан осындай арыз жазып отыр, – деді Мұстахим Төллев.

Еске салайық, 2016 жылы Тұңғышбай Жаманқұлов фильмнің түсіріліміне бөлінген 79 миллион теңгені қалтасына басты деп айыпталып, шартты түрде жазаға кесілген болатын.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.