Мұрат Нұртілеу Самарқанға барады екен

Мұрат Нұртілеу Самарқанға барады екен

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу 14 сәуір күні Самарқанда өтетін ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысады деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың брифингіне сілтеме жасаған Turkistan.Today порталы.

Отырыс барысында ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі қарастырылады, сондай-ақ Достастық алаңында көпжақты ынтымақтастықты белсендету бойынша нақты ұсыныстар талқыланады. Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтеді - делінген аталмыш брифингте.

Одан бөлек, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар шешімдер қабылдау, сондай-ақ ағымдағы жылы жоспарланған ТМД Үкіметтер басшыларының кеңесі мен Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырыстарына шығару үшін бірқатар құжаттардың жобаларын мақұлдау жоспарлануда екен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0