Сәбит Рысбаев ораза айындағы дастархан жайында өз Facebook парақшасында пост жариялады,- деп хабарлайды turkistan.today
"Ораза айы ғой. Ауызашарға барамыз. Бір түрік танысым бар. Үйіне шақырғанда алдымен жеңіл сорпа береді. Онысын аз ғана құяды. Столда жеңіл салат. Артынан екіншісін әкеледі. Оны да әркім керегін салып алады. Кішкене тәттісі болса болды. Болмаса шәй береді. Не әкелсе сонысы желінеді. Ана түріктің фирмасы бар. 4-5 пәтері бар екенін білемін. Білмейтінім бір төбе болар. Асқазанды да қинамайсың рахат.
Бір кедей танысым бар. Ол пәтер жалдамайды. Пәтер жалдауға да ақша керек қой. Комната жалдайды. 3 жанұя 3 комнаталы пәтерді жалдайды. Солай бөліп төлейді. Айтпағым басқа. Осы сіңір танысым да ауызашарға шақырады.
Ойбааай мұның дастарханы масқара. 3-4 түрлі салат. Самса анау мынау. Ет әкеледі. Артынан дастарханды жаңартып тәттілері мен торты келеді. Байлардың дастарханына қарағанда кедейдің дастарханы артық заман болды қарап тұрсам.
Қазір құдалық дегенге бармай кеттім. Бұрындары оны да көргем. Кафеде стакан қоятын орын болмайды. Сорпа, ет асады артынан шашлык әкелген. Одан шығып нағашылары бір үйге дастархан жайған екен. Соған барды. Одан шығып әкесінің туыстары кафе жалдаған екен. Олар күтті. Соңғы 2 дастарханның 10%-ы да желінбеді. Асқазандары резина емес қой.
Не деген ысырап біздікі дейтінмін. Той мой, жиын ас бәрі осылай өтеді. Бай қазақ та, кедей қазақ та жыртыла береді әйтеуір. Бара бара бұл асқынып жатыр ғой тағы"- деп жазды ол.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.