"Несіне қуанамын": Қуат Хамитов футболдан сенсациялық жеңіске жеткен Қазақстан құрамасын сынға алды

"Несіне қуанамын": Қуат Хамитов футболдан сенсациялық жеңіске жеткен Қазақстан құрамасын сынға алды

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының жеңісінен кейін футболды қатаң сынға алды деп Turkistan Today хабарлайды Stan.kz ақпаратына сүйене отырып.

Хамитов өз Instagram-парақшасында Қазақстан футболындағы жетістіктер үшін қуанбайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ мұндай жеңістің пайдасынан зияны көп екенін айтады. 

"Несіне қуанамын? Жан-жаққа қараңдаршы, халық 30 жылдан бері кедейлікте, өмір сүреді, жұмиыс жоқ, жалақы 80 мың теңге, азық-түлік қымбат, медицина жоқ. Адамдар қарызға батқан, бұған қарамастан аузынан жырып, салық төлейді. Ал салық қайда жұмсалады? Қайдағы бір футболға ма?!

Пайдасынан зияны көп жеңістің кімге керегі бар! Мен футболды халықтың көмегінсіз, өз күштерімен жеңіске жеткенде ғана сыйлаймын. Осылай істей алатындарыңды дәлелдеңдер, сол кезде халық алдында ер азамат боласыңдар. Негізінде босқа жұмсалған қаржыны қайтару керек", – дейді ол. 

Оқырмандары спортшының бұл сөзіне қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі Хамитовті қолдаса, енді бірі қарсылығын жасырмады.

Еске салайық, 26 наурызда Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында бүгін Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесіп, 3:2 есебіменжеңіп кеткен еді.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0