Нұрбек Пұсырманов жаңа лауазымға тағайындалды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 27 маусым, 2023

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі “Мемлекет тарихы институты” Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Пұсырманов Нұрбек Серікұлы тағайындалды, деп хабарлайды Turkistan Today.


Жаңа басшыны ұжымға ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Д. Ахмед-Заки таныстырды.
Н. Пұсырманов 2010 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (тарих бакалавры үздік дипломы), 2013 жылы магистратура, 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантурасын бітірген (PhD).

Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әртүрлі жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сарапшысы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған. 

2018-2021 жж. Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында бөлім басшысы. 2020-2021 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының доценті м.а. 
2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК Ғылым жөніндегі вице-президенті.

24 ғылыми және 6 танымдық жарияланымдар, «Қазақстан тарихы» (сандар мен сызба-кестелерде)/2010/ атты оқу құралының авторы. 

«Ұлттық идея қазақстандық қоғамды топтастырудың факторы ретінде» тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

2.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.