Нұрділдә Ораз енді басқарма басқарады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 3 мамыр, 2023

Танымал журналист Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды, деп Turkistan Today хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәіметінше, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Нұрділдә Серікұлы Ораз тағайындалған.

Нұрділдә Ораз 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" және ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын Құқық қорғау қызметі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы "31 арна" ЖШС "Информбюро" жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған. 2004-2009 жылдары – "Астана" телеарнасының репортер-сарапшысы, "Қазақстан" ұлттық арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларының редактор жүргізушісі болған. 2009 жылы ішкі істер органындарына ауысып, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі қызметтерін атқарған.

2016 жылы Бас прокуратураның аппарат басшысының орынбасары, 2017 жылы "ОРТ-Еуразия" телеарнасы бас директорының орынбасары, 2019-2022 жылдары Ішкі істер министрінің кеңесшісі болып, қызмет еткен.

Ал қазіргі тағайындауға дейін "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Қауіпсіздік департаментінде қызмет атқарған. 

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.