Оны өлтіргендер тірі жүр: Спорт журналисті Амангелді Сейтханның өліміне қатысты бар шындықты жайып салды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Спорт 18 тамыз, 2023

Спорт журналисі Аслан Қаженов Амангелді Сейітханға қатысты көпшілік біле бермейтін жәйттарды әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп Turkistan Today жазды KYN.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Олар әлі талай адамды жалмайды…

Жақында Қазақ Радиосындағы «Бестселлер» бағдарламасына сұхбат бердім. Әңгімеміз бір кезде Амангелді Сейтханға бұрылды. Оның ішінде Аман ағаның тікелей эфирден шеттетіліп, комментатор болуына кедергілер айтыла бастады. Бұл енді көпшілікке белгілі жәйт қой. Плюс өзім біліп жүрген, бірақ, көбі біле бермейтін жағдайларды да айттым. 

Мәселен, 2016-2017 жылдарға дейін микрофон ұстап, бізбен бірге «поляда» жүрді. Оны қызметте өсірмеу туралы тікелей бұйрық болды. Шетелдегі спорттық шараларға баруына мүмкіндік бермеді. Амалсыз, жұмыстан уақытша шығып, федерацияға не министрлікке келісіммен жұмысқа тұрады. Сөйтіп, солардың атынан ғана барып жүргенін көрдім. Редактор болған кезінде мәтінді өзгертуге, тіпті, эфирдегі материалға тиісуге тыйым салды»,- деп жазды Аслан Қаженов. 

Сонымен қатар журналист  марқұмның жолын кескендердің кім екенін де жасырмады. 

Осы бар, өзгесі бар, барлығын жасап жатқан боғымен жасты қыз-жігіттер. Әрине, моральдық тұрғыда ауыр. Ағамыздың кемшілігі — соның бәрін ішінде сақтады. Ашық айтпады. Шерін тарқатпады. Соңында қайтыс болуына да сол түрткі деп ойлаймын. Өйткені, ковид кезінде осындай жаралардың беті ашылып, барлық ауру қозады ғой. Қысқасы, сөйтіп, Амангелді Сейтханды өлтірді. Ащылау болса да, ашығы осы ғой. Енді одан жақсы адам таппай жүрміз. 

Қалай болғанда да, Амангелді өз биігінде қалды. Оның есімін де, еңбегін де көпшілік жақсы біледі. Біз тұрғанда насихаттала береді де. Ал, оның балағынан тартып, жан-жағынан жұлмалаған кімдер? Оларды ешкім білмейді. Олар әлі тірі жүр. Олар солай өмірден өтеді де. Өкініштісі, Амангелді Сейітхан сияқты талай адамды жалмап кетеді. Оларда өкініш болмайды. Олардың миссиясы сол ғана. Олардың қолынан басқа ештеңе келмейді. Радиодағы сұхбатты осындай ойлармен түйіндедім…,- дейді ол. 

2.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.