Оралда тұңғыш халықаралық форум басталды

Жаңалықтар Бүгін, 12:25

Бүгін Орал қаласында ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды оқиғалардың бірі – «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш Халықаралық форумы өз жұмысын бастады,- деп хабарлайды turkistan.today

Форумның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық комитеттің төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоқжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин және министрліктерден өкілдер қатысты.

Сонымен қатар форум жұмысына отандық сарапшылармен қатар Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Венгрия, Франция және Иран Ислам Республикасынан келген халықаралық қонақтар, ғалымдар мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысуда.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөздерінде ауылдың әлеуетін арттыруға ерекше назар аударып келеді және 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы»деп жариялаған болатын. Бұл бастама – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, нақты өндіріс пен кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа серпін беруге бағытталған маңызды қадам», – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.