Орыс тіліне тыйым салына ма? Мәжіліс төрағасы пікір білдірді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 14 қыркүйек, 2023

Мәжіліс кулуарында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектептердегі мемлекеттік тілдің аясына қатысты журналистердің қойған сауалына жауап берді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Біз бірінші кезекте орыс тіліне тыйым салуымыз керек пе немесе өзіміздің мемлекеттік тілді дамытуымыз керек пе? Бұл туралы бұрын да мен өз пікірімді айттым. Неғұрлым көп тіл білетін болсақ, ұрпағымыз, балаларымыз соғұрлым биік тұрады. Орыс тілі де, ағылшын да керек. Әрине, бірінші кезекте басымдық мемлекеттік тілде болуы қажет. Мектепті бітірген біздің балалар мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажет. Басқа тілді оқытуды төмендету арқылы біз мемлекеттік тілдің мәселесін шешпеуіміз керек. Бәрін де дамыту қажет. Десе де мемлекеттік тіл басым болғаны дұрыс, – деді Мәжіліс төрағасы.

2.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.