Биыл қаңтар-ақпан айларында елімізде өрт қауіпсіздігі саласында 47 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл былтырғы қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 17,5% көп.
Ескерту: 2022 жылдың 12 айында (қаңтар–желтоқсан) құқық бұзушылықтар саны бір жылда 23,9% азайып, 54 болған. Ресми көрсеткіштердің төмендегенімен, 2022 жылы бірқатар өңірлерде жаппай өрт болғаны бәріміздің есімізде. Орман өртін былай қойғанда ауыр зардаптарға әкеп соққан қалалардағы өрттің де көбейгенін қазақстандық БАҚ пен халықтың теріс реакциясына ұшыраған еді.
Биыл өңірлер бойынша секторда ең көп бұзушылық Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: бір жыл бұрын 5 жағдай болса, қазір 6 жағдай.
Одан кейін Ақтөбе облысы мен Астана (әрқайсысында 5 жағдай), Шымкент пен Жетісу облысы (әрқайсысында 4 жағдай) да аталған қылмыс түрі көп тіркелген өңірлер. Осы бестік тиісті кезеңдегі барлық құқық бұзушылықтардың тең жартысын құрады.
Заң бұзушылықтар еліміздің 20 өңірінің 17-де тіркелді. Абай, Қостанай және Ұлытау облыстарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бірде-бір бұзылуы анықталған жоқ.
Саладағы әкімшілік құқық бұзушылық сегментіне келетін болсақ, мұнда 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындылары бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу саны (техникалық регламенттерден басқа) бірден 24,4 мыңды құрады (бір жылда 26,2% көбейген).
Тағы 1,9 мың жағдай көліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (бір жылда 4,5 есе өскен), 565 жағдай атмосфералық ауаны қорғау және қалдықтарды сақтау немесе жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауға, 525 жағдай ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзуға қатысты.
Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және өртке қарсы сумен қамту жүйелеріне зиян келтіру және пайдалану ережелерін бұзуға қатысты 372,өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде 17, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жоғары өрт қауіпті және өрт қауіпті өнімдерді шығару және сатуға қатысты 1 жағдай тіркелді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.