Өртке оранған ауданға барған депутаттар не тындырды?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 12 маусым, 2023

Еліміздің шығысында орналасқан Абай ауданы өртке оранды. Оны толығымен сөндіру мүмкін болмай отыр. Желдің күшеюі сынды табиғи факторлар қосымша болып отыр. Бүгінгі таңда 14 адамның өрт болған ауданда қаза тапқаны анықталды. Осыған орай, мәжіліс депутаттары апат болған ауданға арнайы барған еді. Осы бойынша мәжіліс депутат Ринат Зайытов қандай іс тындырғанын баяндап берді. Ол “Хабар” арнасындағы “Оян” бағдарламасына жауап берді, деп хабарлайды Turkistan Today.


“Бұл бірінші кезекте Төтенше жағдай министрлігінің осындай аумақтағы техникалары осы күнге дейін жаңатылмаған және тез шешімін табуы керек деген сұрақ. Екіншіден, жалпы осы күнге дкйін қаржыландырылып отырған министрлік қой. Ол қаржының бәрі қайда кетті деген сұрақ. Осының салдарын халық көріп отыр. Өртті ауыздықтауға Астанадан техника барды. Жақсы техника барды. Алайда Семейдің өзінің орман алқабына сай машина болған дұрыс. Көлемі кіші, жолдардан оңай өтетін, сол ауданға лайық көлік болғаны дұрыс. Көп күш керек. Ең алдымен Семейдегі өртті тоқтатып алу керек”,-деп айтты. Сондай-ақ жүргізушінің апатты аймаққа барғандағы мақсат жайлы сұрады.


“Депутаттардың ол жерге барудағы мақсаты, біріншіден “Аманат” партиясының атқарып жатқан жқмыстарының сапасын тексеру болды. Екіншіден, жаңағы мен айтып отырған жағдайларды көзбен көріп, осында келіп нақты атқарылу керек жқмыстарды саралау. Әкімшіліктердің, құтқарушылардың эвакуациялау жұмыстарын көріп, жақсы деңгейде атқарып жатқанына куә болдық. Өте сапалы, әрі нәтижелі. Оны көшірілген отбасы мүшелері де айтып отыр. Біздің барғандағы мақсатымыз орындалды деп айта аламын”,-дейді Ринат Зайытов.

2.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.