Бокстан Өзбекстан құрамасының мүшесі, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Су жаңа чемпионды туған-туыстары салтанатты түрде қарсы алды. Ең қызығы, боксшы келгенде Өзбекстанның туы көтерілгенімен, әнші Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» әні ойнап тұрды.
Руслан Абдуллаев әлемдік біріншілікті 63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Абдуллаев моңғол Чинзориг Баатарсухпен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңді. Осылайша Руслан Абдуллаев әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Абдуллаевтың Азия чемпионы деген атағы да бар.
Руслан Өзбекстанда туып өскен. Бокстағы қадамы да сол елде жасалған. 2019-2020 жылдары Өзбекстанның жастар құрамасына алынбаған соң, Қазақстанға келді. Тіпті Түркістан облысының сапында Қазақстан біріншілігіне де қатысып, жартылай финалда Сабыржан Ақхалықовтан ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты. Коронавирус пандемиясы басталған соң, жарыстардан қолы үзіп қалды. Сондықтан Өзбекстанға оралып, 2021 жылы Өзбекстан чемпионы атанды. Сол біріншілікте үздік боксшыға берілетін «Руфат Рискиев кубогын» да иеленді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.