Өзтүрікті оқытқан Д.Жаналтайдың жесірі қайтыс болды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркі тұлғалары 5 сәуір, 2023

Қасиетті Рамазан айында Алтайдан ауған елдің көшбасшыларының бірі болған Дәлелхан Жаналтайдың өмірлік серігі Незимен апамыздың уақыт сағаты тоқтапты деп жазды ҚР СІМ жанындағы “Отандастар Қорының” басшысы Абзал Сапарбекұлы өзінің парақшасында.

“Тоқсаннан асқан апамыз емханаға түсті дегенде жазылып кетер деген үмітіміз болды. Амал нешік тұтас бір тарихтың куәгері Алланың құзырына қайтты. Өздеріңізге мәлім, Дәлелхан Жаналтай ағамыз - шетелдегі қазақ диаспорасының белгілі қайраткері. Өр Алтайдан шыққан ағамыз ұлт зиялысы мен қайраткерінің шоқ жұлдызы. Ана тілінен бөлек алты тілде еркін сөйлей алатын полиглот болған. Одан бөлек, 1992 жылы өткен Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына қатысып, онда төралқа мүшесі болған еді” - деп жазды А.Сапарбекұлы.

Жазба авторының сөзіне сүйенсек, Д.Жаналтай өз ұлты үшін Стамбұлда қазақ кентін салуға ұйытқы болған, мешіт-медресе ашу, босқындар Қауымдастығын құру секілді игі істерді бастаған біртуар тұлға. Тарихқа үңілсек, 1970-1978 жылдары Тайваньда білім алуға 30-ға жуық қазақ және түрік баласын аттан­дырға­н арда ақсақалдың еңбегінің нәтижесінде, танымал спортшы Мұстафа Өзтүрік те болды. Сол жігіт­тердің біразы қазір Түр­кия мен Еуропа елдерінде ғы­лым және бизнес саласында қызмет атқарып жүр. Пәкістандағы қырғыз ағайындардың Түркияға көшірілуіне үлкен еңбек сіңірген екен.

- Міне апамыз осындай ұлы тұлғаның қасында онымен бірге ыстығы мен суығын, қуанышы мен қайғысын бірге бөліскен халық анасы. Өткен жылы Қазақстан Ұлттық арнасымен бірге түсірген Алтайдан Анадолуға атты деректі фильм үшін өзінен сұхбат та алып едік - деген Қор басшысының жазбасына көңіл айту сөздері көптеп жазылған.

Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Марқұмның жақын туыстарына көңіл айтамын - деген дипломат жазбасына орай, редакция тарапы да қазақ үшін еңбегі сіңген қайраткердің отбасына көңіл айтады.

Фото: Abzal Saparbekuly

1.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.