«Жасыл даму» АҚ 3%-бен және 15 жылға дейінгі мерзіммен, төлемдерді екі жылға дейін кешіктірумен қоқыс өңдеу зауыттарын салуға қаржыландыру береді. Қазіргі таңда әкімдік тарапынан ұсынылған 67 жобаның 43-і қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған,- деп хабарлайды turkistan.today
Олардың бірі - Маңғыстау облысындағы «Пакетная фабрика» ЖШС компаниясының жобасы. Компанияға 585 миллион теңге көлемінде қаржыландыру қолдау көрсетілді. Бұл жоба «Жасыл даму» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бірлесе отырып, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін арттыруға бағытталған.
«Пакетная фабрика» ЖШС жобасы қағазды қайта өңдеуді дамыту және жылына 3 мың тонна қағаз өңдеу қуатымен экологиялық таза қаптама өндіруге бағытталған.
Бұл жоба Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға үлес қосады. 2030 жылға дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің деңгейін 40%-ға, 2050 жылға дейін 50%-ға жеткізу жоспарлануда.
Министрлік «Жасыл даму» АҚ арқылы мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындардың қызметін әрі қарай жариялап отыратын болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.