Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 1 тамыз, 2024

Биылғы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 3 тамызда Павлодарда бәйге жарысынан қатысушалардың бірінші іріктеуі өтеді,-деп хабарлайды turkistan.today

Жүлде қоры 24 900 000 теңгені құрайтын жарыс құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге мен жорға жарыс сияқты 4 түр бойынша өтеді. Шара серіктестері Бәйге федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, Палодар облысының әкімдігі, Ұлттық спорт қауымдастығы. 

«Қазір бәйгеден Қазақстан командасын жасақтау процесі жүріп жатыр. 3 және 11 тамызда Павлодар мен Алматы қалаларында іріктеу өтеді. Солардың нәтижесі бойынша 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына Қазақстаннан қатысатын жылқылар анықталады. Астанадағы Көшпенділер ойындарының бәйге жарысына шамамен 10 елдің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Ресей Федерациясы мен басқалар бар», - деді «Бәйге федерациясы» РҚБ вице-президенті Жомарт Сайболатов.

Еске салсақ, республикалық бәйге федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар Қауымдастық құрамында көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» және т.б. федерациялар бар. Қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.
Ипподром мекенжайы: Павлодар қаласы, Солтүстік өндірістік аймақ, 45
Өткізу уақыты: 3 тамыз, сағат 15.00.

595

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.