Премьеріміз Смайлов жаңа кеңесшісін тағайындады

Премьеріміз Смайлов жаңа кеңесшісін тағайындады

Премьер-Министр Смайыловтың жаңа кеңесшісі болып Мұрат Жүребеков тағайындалды, деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметінен кетіп, осы қызметте бес ай жұмыс істеген.

 44 жастағы Мұрат Жүребеков Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, Қазақстандық менеджмент, Экономика және болжау институтының, Глазгодағы Strathclyde университетінің түлегі. 2013 жылы Гарвард бизнес мектебін, 2019 жылы Қазақстан - Британ техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы "ҚазТрансГаз" ЖАҚ жобалар басқармасының жетекші маманы болып бастады. Кейінгі жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия", "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында әртүрлі басшылық лауазымдарда болды.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Энергетика бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0