Бүгін – Амал мерекесі.Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын мерейлі мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды turkistan.today Ақордаға сілтеме жасап.
"Құрметті отандастар!
Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.
Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.
Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.
Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Айдан аман, жылдан есен болайық!", – делінген Президенттің құттықтауында.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.