«Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» сыйлықтарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы бизнеске қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы бизнес қауымдастығына арналған маңызды үндеу жасап, соңғы жылдары кәсіпкерлер көтерген мәселелердің өзектілігіне назар аударды. Президент Үкіметке жаңа Салық кодексін әзірлеу және оның нормаларын енгізу барысында бизнес өкілдерінен түскен ұсыныстарды жан-жақты зерттеуді тапсырды.
Оның айтуынша, ең негізгі міндет – тиімді әрі теңгерімді шешім табу. «Басқа жол жоқ», – деді Президент. Бұл мемлекеттік деңгейдегі аса жауапты бағыт екенін және әр мәселені мұқият қарастыруды талап ететінін атап өтті.
Мемлекет басшысы салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның пікірінше, цифрлық құралдарды енгізу кәсіпкерлерді мазалап жүрген көптеген түйткілді шешуге мүмкіндік береді және бизнеске түсетін жүктемені азайтады.
Келесі жылдан бастап Қазақстандағы тауар өндірушілердің Реестрі мен Ұлттық тауар каталогы іске қосылады. Бұл жаңашылдық мемлекеттік сатып алуларда жекелеген компаниялардың негізсіз артықшылық алу ықтималдығын төмендетуге бағытталған.
Сонымен қатар Президент Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, жаңа нормаларды бизнеске зиян келтірмейтіндей етіп енгізуді міндеттеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.