Жиында Мемлекет басшысы жаңа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті таныстырды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоның жаңадан тағайындалған басшысы ішкі істер органдарында 30 жыл еңбек еткенін, аудандық жедел уәкіл қызметінен министрдің орынбасары лауазымына дейінгі сатыдан өткенін атап өтті.
Президент бұрынғы министр Марат Ахметжановтың басшылық еткен кезінде ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастырудағы оң өзгерістерге ерекше назар аударып, цифрлық технологияларды енгізу, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін жедел тіркеу, сондай-ақ полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету сынды бастамаларына тоқталды.
Кеңес барысында Мемлекет басшысы кешегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту және түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жөнінде нақты тапсырмалар бергенін айтты.
Аталған тапсырмалардың іске асырылуы көбіне құқықтық тәртіптің деңгейіне байланысты екенін және осы ретте полиция маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.