Президент реформасы: «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға ниетті тұрғындар саны артуда

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 10 тамыз, 2023


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы ретте халықтың табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бүгінде Түркістан облысында аталған жоба бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие 7 жылға дейін берілуде. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға Түркістан облысы бойынша 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылған. Соның ішінде жобаға қатысудан бүгінде Сауран ауданының тұрғындары да қапы қалмады. Аталған пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында ауданнан  Қарашық, Оранғай, Ескі Иқан, Майдантал ауылдық округтері жобаға қатысушы ретінде таңдалып алынған, деп хабарлайды Turkistan Today.


Бүгінгі күнге аталған 4 ауылдық округтен 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, жалпы құны 349,8 млн теңгені құрайтын 67 жоба мақұлданып, оның ішінде 111,0 млн.теңгені құрайтын 21 жоба қаржыландырылып отыр. Қаржыландырылған азаматтар бүгінгі таңда өзге облыстан сауынды сиыр және ірі қара мал сатып алу жұмыстарын жүргізуде.


Жобаның негізгі мақсатын ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілуде. 


Нұрмахан МОЛДАБАЕВ, 
Сауран аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшысының міндетін атқарушы

707

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.