Өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа, сапалы оқу орындары салынуда. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның бірі – Өскемен қаласындағы Есенберлин даңғылында орналасқан 600 орындық мектеп, екіншісі – Глубокое ауданындағы Тәжірибе алаңы (Опытное поле) кентінде салынып жатқан 300 орындық мектеп. Есенберлин даңғылындағы мектеп құрылысы бүгінде 70 пайызға аяқталған, ал нысанды тапсыру шілде айының соңына жоспарланып отыр,- деп хабарлайды turkistan.today
Облыстық құрылыс басқармасының бас маманы Арайлым Ақылжанқызының айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы саны 2100 орындық бес мектептің құрылысы аяқталған. Бұл мектептер Шемонаиха, Риддер, Өскемен қалаларында және Белоусовка кентінде орналасқан. Жаңа мектептерде балалар биыл 1 сәуірден бастап оқып жатыр.
– Ұлттық жоба аясында облыс бойынша 900 орындық тағы екі мектептің құрылысы жалғасуда: бірі – 300 орындық мектеп Опытное поле кентінде салынып жатыр, 90 пайызы дайын (мердігер – «Фирма Азия» ЖШС), екіншісі – 600 орындық мектеп Өскемен қаласындағы Есенберлин даңғылында бой көтеруде, 70 пайызы дайын (мердігер – «AST Qurylys 22» ЖШС). Есенберлин даңғылындағы мектепте шатыр, қорғаныш пен есіктерді орнату, ішкі әрлеу және қуат кабелін төсеу, қабырғаларды әрлеу басталып, вертикалдық жоспарлау, жол төсемінің құрылысы жүргізілуде. Аумақты абаттандыру ағымдағы жылдың 13 маусымына дейін, ал нысанды толық аяқтау ағымдағы жылдың 30 шілдесіне жоспарланған, – деді Арайлым Ақылжанқызы.
Жобаның менеджері Владислав Ракульцев атап өткеніндей, қазіргі таңда ғимаратта термогранитті плиткалар төсеу, ішкі есіктерді орнату, қабырғаларды әрлеу және бояу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, акт залы мен спорт залдарын жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын.
- Мектепте бастауыш және жоғары сыныптарға арналған екі бөлек спорт залы, сыртта футбол және балалар алаңдары, жүгіру жолы қарастырылған. Ғимарат үш қабатты, ішінде лифт пен ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған санитарлық тораптар бар. Бұл – жайлы мектептердің басты артықшылықтарының бірі, — дейді Владислав Ракульцев.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.