Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Биыл «Ауыл аманаты» жобасына 50 млрд теңге бөлінді

Жаңалықтар Бүгін, 15:08

Мемлекет басшысының Жолдауында және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы толығырақ Primeminister.kz сайты жариялады,- деп хабарлайды turkistan.today

ЖІӨ және экономиканың негізгі драйверлері

2024 жылдың қорытындысына сәйкес, ЖІӨ көлемі бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді және ол 5%-ды құрады.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі соңғы жылдары 6,3%-ды құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. 

Нақты сектордағы өсім 8,3%-ды құраса, қызметтер өндірісі 5,2%-ға артты.

Негізгі драйверлер көрсеткіштері келесідей: көлік +22,5%, құрылыс + 18,5%, сауда +8,6%, тау-кен өнеркәсібі +8,5%, өңдеу секторы +6,1%.

Биыл «Ауыл аманаты» жобасына 50 млрд теңге бөлінді. 2026-2028 жылдарына шамамен 450 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаражат есебінен ауылдағы бизнесті қолдауға бағытталған 25 мыңнан астам жоба қаржыландырылып, кемінде 30 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2019-2024 жылдары республикалық бюджеттен 701 млрд теңге 2,2 мың ауылдық елді мекенде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 6,6 мың жобаны жүзеге асыруға бөлінді. 

2025 жылы 500 ауылдық елді мекенде жалпы құны 176,4 млрд теңге болатын 1 мың жоба іске асырылуда.

Ауылдағы кадрлық әлеуетті көтеру үшін «Дипломмен ауылға» жобасы жалғасып жатыр.

Жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі, 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы және 2 500 АЕК-ке дейін тұрғын үй алуға бюджеттік несие беріледі.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.