Ресейдің Алтай қазақтары Павлодар университетінде оқитын болады

Ресейдің Алтай қазақтары Павлодар университетінде оқитын болады

Бұл жөнінде Алтай өлкесінің қазақтары құрған Қазақ тілі мен мәдениеті орталығы мен Павлодар педагогикалық университетінің кездесуінде келісімге келді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Университет Алтайдағы этникалық қазақтардың жағдайымен танысып, олардың ұлттық құндылықтарын сақтауға деген іс-шараларымен танысып қайтты.

 Делегацияны Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Есенгелдин Бауыржан Сатылдинұлы бастап, оның құрамында Мұсанова Гүлнар-кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің бастығы, Шакаман Ырыскүл-қазақ тілі кафедрасының профессоры, Құсманова Мадина - жастар саясаты департаментінің директоры, Қисатова Салтанат-музыка кафедрасының оқытушысы, Ғабдуллин Ермек-жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің деканы орын алған.

Алтай қазақтарының Тіл орталығында Павлодар педуниверситетінің өкілдерімен жылы шырайлы және пайдалы кездесу өтті. Университет өкілдері қандас жастарымыздың еліміздің жоғары оқу орнына емтихансыз түсе отырып, университетте тегін оқу үшін алғашқы қадам ретінде 3 орын бөлген және бұл бастаманың жалғасы болатынын жариялайды.

Өзар салиқалы жиын соңы, ұлттық өнеріміздің концерттік шарасына ұласты. 

Павлодар университеті Орталыққа қазақтың ұлттық киімдері мен  сыйлықтар сыйлады. 

_Алтай өлкесі Қазақ тілі мен мәдениеті орталығы_

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
3
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0