Respublica партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда

Жаңалықтар Бүгін, 17:43

Алматыда Respublica партиясының ұйымдастыруымен ReBusiness форумы өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Оған 500-ге жуық кәсіпкер, мемлекеттік органдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары мен сарапшылар қатысты.

Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров форумды аша отырып, Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауы алдағы бірнеше жылға ел дамуының негізгі жол картасы болатынын айтты.

«Бұл – тарихи Жолдау. Президент цифрландыру мен экономиканы жаңғыртудан бастап, партиялық жүйені нығайтуға дейінгі стратегиялық басымдықтарды айқындады. Жерді толық цифрландыру тапсырмасы – ашықтық пен әділ ережелердің кепілі. Ал конституциялық реформалардағы маңызды қадам – Парламенттің бір палаталы жүйеге көшуі. Бұл – еліміздің саяси жүйесіндегі жаңа белес. Кәсіпкерлер партиясы үшін бұл дербес Кәсіпкерлік министрлігінің пайда болуымен тең. Бұл – үлкен де мәнді күш», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов та Жолдаудың өзектілігін атап өтіп:

«Жуырдағы Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстанның цифрлық трансформациясына айрықша көңіл бөлді. Respublica партиясы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты барлық бастамаларға белсенді әрі нәтижелі үлес қосып келеді. Біз, әкімдік тарапынан, бұл бастамаларды толық қолдаймыз», – деді.

Форум жұмысына партияның тең төрағалары:

• Сырымбек Тау;

• Максим Барышев;

• Қуаныш Шонбай қатысты.

Сондай-ақ Мәжілістегі Respublica фракциясының депутаттары – Олжас Құспеков, Нұргүл Тау, Айтуар Қошмамбетов, Екатерина Смолякова фракция бастамаларын таныстырып, қабылданған заңдар мен әзірленіп жатқан жаңа заң жобалары жөнінде баяндады.

Қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту мен бизнестің құқықтарын қорғау, цифрлық трансформация, қаржыландырудың қолжетімділігі, тауарларды таңбалау, әлеуметтік кәсіпкерлік пен ішкі туризм тақырыптарын талқылады.

«Біз тек мәселелерді талқылап қана қоймаймыз – олардың шешу жолдарын ұсынамыз», – деп қорытындылады Respublica партиясы.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.