Сәл ертерек кеткенде болатын еді: Назарбаевты жақтап референдум өткізген ректор не деді?

Сәл ертерек кеткенде болатын еді: Назарбаевты жақтап референдум өткізген ректор не деді?

Тілшінің еліміздің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “өз қызметінен уақытылы кетті ме?” деген сұрағына ол: 
“Өз еркімен кетті. Сәл ертерек кетуге де болатын еді. Орнына лайықты кандитатура ұсынды. Бүкіл халық болып, Қасым-Жомарт Кемелұлын сайладық. Жаңа Қазақстан басталды” деп жауап берді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Және де журналист “Н.Назарбаевқа ұсыныс тастағаныңыз қате болмады ма? Жағымпаздық емес пе?” деген сұрағына, Ерлан Сыдықов “ол 2010 жыл болатын. Ол кездегі ұсынысым қате болмады деп ойлаймын. Өйткені ол кезде Қазақстанның экономикасы көтеріліп, қарқындаған кез болатын. Әр адамға шаққан кезде ішкі өнім құны 15 мың долларға дейін барды”,-деді.


Сондай-ақ тілшінің президенттің 20 жыл басқаруы қаншалықты дұрыстығын сұрағанда, ол “ол қате. Жалпы президенттік өкілеттік 5-7 жыл болуы керек”, ал сол кездегі “өкілеттікті ұзарту туралы пікіріңіз қате ме?” деген сұраққа “қате болуы мүмкін. Алайда сол кездегі жағдайға байланысты дұрыс деп ойлаймын” деп тіл қатты.


Және де ол “жағымпаздығы” елордадағы басты университеттің ректоры болуына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

 Естеріңізге сала кетсек, Президенттің өкілеттілігін ұзарту туралы ұсыныстар жарысының басында Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов болатын. Ол 2010 жылы 23 желтоқсанда Өскеменде 320 адам қатысқан арнайы жиын өткізуге мұрындық болып, Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзартуды ұсынған еді, деп Серік Жолдасбай өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0