«Салауатты сана»: Абай облысында жаңа жоба

Жаңалықтар Бүгін, 17:32

Абай облысында 78 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Аналар кеңесінің бастамасымен «Салауатты сана» жобасы аясында 2 032 адамды қамтыған 58 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Аналар кеңесінің мүшесі Айжан Қуанышбаева баяндады,- деп хабарлайды turkistan.today

Аталған жоба қоғамдағы бес әлеуметтік дертке – нашақорлық, құмар ойынға тәуелділік (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдыққа қарсы кешенді күрес жүргізуге бағытталған. Жоба шеңберінде Аналар кеңестері мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, ақпараттық-түсіндіру, сараптамалық және профилактикалық жұмыстар атқаруда.

– Қазіргі таңда қоғамда нашақорлық, құмар ойынға әуестік, отбасындағы зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сынды әлеуметтік мәселелер өзекті болып отыр. Бұл проблемаларға бейжай қарауға болмайды. Біз, Аналар кеңесі, аталған мәселелермен жүйелі түрде күрес жүргізіп келеміз. Бұл – біздің басты міндетіміз, – деді Айжан Қуанышбаева.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.