Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы және «QAZAQ AIR» әуекомпаниясының өкілдерімен жүргізген келіссөздердің нәтижесінде 15 наурыздан бастап «Самарқанд – Түркістан» әуе рейсі ашылады,- деп хабарлайды turkistan.today.
Айта кетейік, рейстер аптасына 2 рет жұма және жексенбі күндері заманауи, ыңғайлы De-Havilland Dash 8-Q400 әуе лайнерлерімен орындалады.
Осы тақырыпты талқылау мақсатында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев, «YDA Group» компаниясының авиация саласындағы бас директоры мен Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов және тағы басқа басшылардың кездесуі өтті.
Жиын барысында ең әуелі туристерді тарту, креативті индустрияны қолға алу, сондай-ақ, туристер ең көп баратын орындардың инфрақұрылымын жақсарту, жаңа туристік маршруттар арқылы келушілердің санын көбейту жаңа рейстерді іске қосу барысы талқыланды. Келіссөз аясында алдағы уақытта тың идеялар іске асырылмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.