«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық операторы жұртшылық алдында есеп берді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 29 қаңтар, 2024

Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ІІ Корпоративтік қайырымдылық форумы өтті. Форумда қайырымдылық операторының 2023жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп берілді. Оған   300-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілдері, өңірлерде көмек алған балалар мен ересектер, мемлекеттік орган, қоғам белсенділері,квазигоссектор, бизнес, БАҚ өкілдері, «Самұрық-Қазына» қоры тобының компания басшылары мен қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Есеп беру кездесуінің алдында панельдік сессиялар өтіп, оларға қатысушылар қайырымдылық саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік жобаларды дамыту,  табысты кейстер мен қаржылай қолдау шараларын талқылады. Сондай-ақ «Samruk-Kazyna Trust» қорымен серіктестікте жүзеге асқан табысты жобалар тәжірибесі сарапқа салынып, негізгі шарадан бұрын қонақтар назарына компаниялар тобы атынан қаржыландырылған әлеуметтік жобаларкөрмесі ұсынылды.

Компаниялар тобы атынан бірыңғай қайырымдылық операторының есеп беру шарасында сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2016 жылдан бері жалпы сомасы 74млрд теңгеге 2,5 миллионнан астам қазақстандыққа жәрдем жасалғанын атап өтті.

«Мұндай ауқымды жобаларды біз тек серіктес тараптармен бірге іске асыра алдық. Барша жиналған жұртқа бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын», - деді Басқарма төрағасы.

Сондай-ақ шара барысында Нұрлан Жақыпов Ақмола және Түркістан өңірлерінің басшылығына 5жедел жәрдем көлігінің сертификатын табыстап, онлайн байланыс арқылы Батыс Қазақстан медициналық университеті аумағындағы оңалту бөлімінің тұсауын кесті. Орталықта 3000-ға жуықонкологиялық сырқаты бар жандарға көмек көрсетіледі.

2023 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры 7,2 млрд теңге болатын 46 әлеуметтік жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде, жылдағы дәстүрге сай, жарты миллион қазақстандық түрлі әлеуметтік көмек алып үлгерді. Және 600-ден астам адам жұмыспен қамтылды.

«Самұрық-Қазына» қорының тікелей қолдауымен инклюзия және медицина бағыттарында Қазақстан бойынша ерекше балаларға арналған 35 оңалту орталығы ашылса, биыл тағы 9 орталық іске қосылады. 23 елдімекендегі бейімделген спорт секцияларында 1000-нан аса ерекше бала 12 паралимпиадалық спорт түрінен жаттығуларға қатысып жүр және Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында инклюзиялық жазғы лагерьлер ұйымдастырылды. Түркістан облысы Кентау қаласындағы еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледжінің ерекше оқушыларына лифт орнатылды.Сырқаты Қазақстанда емделмейтін 61 бала шетелге емге жіберілді. Осылайша бір жылда 40 мыңнан асаерекше балаға көмек көрсетілді.

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Туған елге саяхат» пойызы да биыл сапарын сәтті аяқтады. Дәстүрлі саяхат жобасына еліміздің түкпір-түкпірінен 600 дарынды бала қатысты. Өскелең ұрпақ Қазақстандағы ең көрнекті әрі тарихи деп саналатын 7 өңірді аралап, туған елдің тарихы мен табиғатына қанық болды.

Ең ауқымды жобалардың бірі - «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 8 айдың ішінде 121 шалғай бекетте болып, 100 мың ауыл тұрғынына тегін медициналық және құқықтық жәрдем жасалды.

Білім беру бағытында «Жарқын болашақ» жобасы аясында 227 ауыл оқушысының білім алуына жағдай жасалып, 2 түлек жұмысқа орналасып үлгерді.Алматы облысындағы тұрмысы төмен отбасылардағы 500-ге тарта бала мектептен тыс қосымша тегін оқумен қамтылып, бастауыш сынып оқушыларына зейнеттегі тәжірибелі педагогтар сабақ беруде.

Әлеуметтік осал топтағы ерекше баласы бар, көпбалалалы, мүмкіндігі шектеулі, үйде отырған 350 азамат жаңа кәсіпке оқытылды. Қор олардың кәсіп бастауына гранттар табыстады.

Астанада аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан 3000 балаға тегін шығармашылық, спорттық және білім беру үйірмелері, коворкинг орталықтары ұйымдастырылып отыр.

Мемлекеттік тілді дамыту бағытында «Soyle» оқыту жобасына қолдау көрсетілді. Онлайн порталды пайдаланушылар саны 2023 жылы 361 732 болса, қаралым саны 1,5 миллионнан асты.

Бұқаралық спортты дамыту бағытында бір жылдың ішінде 12 өңірде 8 ірі спорт кешені мен 26 спорт-ойын алаңы салынып, халық игілігіне берілді.Мысалы қазіргі заманғы дене шынықтыру кешені Қостанай облысындағы алапат өрт болған Аманқарай ауылында қолданысқа тапсырылса, Түркістан облысындағы Сарыжаз ауылында тұңғыш рет футбол алаңы балаларды қуантты.

Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы 2024жылы ашық, қолжетімді әрі тиімді қызмет қағидатынан тыс, қайырымдылық жобаларының басым бөлігін ауылдық жерлерде инклюзиялық спорт орталықтары мен барлық санаттағы адамдар мен балалар үшін халықаралық стандарттар бойынша бірегей тәсілмен инклюзивті спорт алаңдарын ашудықаржыландыратын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша креативті индустрия саласындағы жобаларды іске асыру да жоспарланып отыр.

 

sk-trust.kz

«Samruk-Kazyna Trust»

әлеуметтік жобаларды дамыту қорының

Корпоративтік қызметі

369

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.