5-ші "ЕО-Орталық Азия азаматтық қоғам форумы" БҰҰ агенттіктері мен азаматтық қоғам ұйымдарының 150-ден астам өкілінің басын қосты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева елімізде азаматтық қоғам, қоғамдық кеңестің даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.
"Бұл форум бізге керек жиын. Іс-шарада айтылып, талқыланып жатқан мәселелер өте өзекті. Орталық Азияның азаматтық форумы дамитын болса, онда мемлекеттерде мықты болмақ. Сонымен қатар Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның елдері жақсы қарым-қатынаста бола бермек. Қазақстанда азаматтық қоғамның даму қарқыны өте жоғары. Соңғы жылдары бірталай заңнама өзгертілді. Конституцияға енгізілген өзгерістердің арқасында қазіргі таңда бірталай жақсы заңдар шыға бастады. Оның ішінде қоғамдық кеңес жайлы айтылған. Қоғамдық кеңес дұрыс жұмыс істеу үшін оның құрамы 100% қоғам өкілдерінен құралу керек. Әлі күні бізде 70%-ы қоғам өкілдері ал қалғандары мемлекеттік органдар немесе басқа саладан келген. Бізде сондай-ақ қоғамдық қабылдау жайлы заң қабылданды. Біздің елімізде қоғамдық қабылдау өте жақсы жолға қойылған. Алыс-жақын елдердің адамдары біздің қоғамдық ұйымдардың жақсы жұмыс істеп жатқанын айтып, бізге қызыға қарап жатады", - деді Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.