«Сатқындығын кешіре алмай жүрмін»: Тұңғышбай Жаманқұлов елге танымал актерге қатысты мәлімдеме жасады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 26 наурыз, 2023

Қазақстанның Халық әртісі Тұңғыбай Жаманқұлов «Хабар» арнасындағы «Алғашқы» бағдарламасында қонақ болып, өзін сатып кеткен жандар туралы айтты, деп Turkistan Today хабарлайды altyn-orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Актердің айтуынша, ол өзінің елімізге танымал шәкірттерінің бірін әлі күнге дейін кешірмеген. «Талай адам үстімнен арыз жазды. Алдында арыз жазып, қол қойғандардың біразы кешірім сұрамаса да, «білмей қалдым» дегендер болды. Сатып кеткен үлкендерді айтпай-ақ қояйын. Өзімнің шәкіртім Ерлан Біләлді кешіре алмай жүрмін. Өйткені атышулы министрдің айтқанына еріп, жарамайтын нәрселер жасады. Ит те болса ұстаздың алдын кесіп өтуге болмайды деп есептеймін. Сондықтан оның сатқындығын кешіре алмай жұрмін. Өзі келіп, кешірім сұраған жоқ. Егер келіп жатса… «Алдың келсе, атаңның құнын кеш» дейді ғой. Қатып қалған ешнәре жоқ. Бірақ жүрекке сызат түсіру оңай емес. Оның жазылуы да қиын», — деді Жаманқұлов.

Айта кетелік, бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов берген сұхбатында 15 күндей жындыханада жатқанын айтқан еді.

2.8k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.