ҚР Сауда және интеграция министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы және бағаның өсімін тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды,- деп хабарлайды turkistan.today
Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, 2025 жылдың 22-29 сәуір аралығында ӘМАТ бағасының индексі 0,3% - ға өсті, ал бір апта бұрын өсім 0,4% -. құрады. Есепті аптада өнімнің жекелеген түрлеріне бағаның төмендеуі тіркелді: жұмыртқа 0,5%, сүзбе 0,2%, сары май, сиыр еті, тауық еті, сүт 0,1% арзандады. Ұн, нан, рожки және күріш бағасы тұрақты.
Жиында сиыр етінің бағасы жеке талқыланды. Бағаның өсу қарқынын бір аптада 0,3% - дан 0,1% - ға дейін төмендету шаралары айтылды. Атап айтар болсақ ірі қара малды елден шығаруға енгізілген үш айлық тыйым мен делдалсыз ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін күнделікті өткізу жұмыстары пысықталды..
Азық-түлік нарығындағы жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында шекарадағы бақылауды күшейту, ауыл шаруашылығы өнімдерін рұқсатсыз әкетуге жол бермеу, сондай-ақ өңірлердегі жәрмеңкелер желісін кеңейту мәселелері де талқыланды. Сауда алаңдарының санын ұлғайту, оларды жылжымалы ветеринариялық зертханаларды қоса алғанда, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және делдалдардың қатысуынсыз жергілікті тауар өндірушілерді белсенді тарту бойынша ұсыныстар қаралды. Кеңесте осындай жәрмеңкелер шеңберінде халық үшін өнімнің бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әкімдіктердің өтінімдері шеңберінде ішкі нарықты толықтыру үшін импорттық көкөністерді жеткізу мүмкіндіктері қосымша талқыланды. Осы мақсаттар үшін жеделдетіп ресімдеу және осындай жүктердің өтуі үшін "жасыл дәліздің" жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.