Саясат Нұрбек KGL Contest олимпиадасының финалына өткен оқушыларға марапаттар табыстады

Ғылым 26 маусым, 2025

Еліміздің оқушылары KGL Contest (Kangaroo Global Linguistics) халықаралық олимпиадасының II кезеңінде ағылшын тілі бойынша барлық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізді,- деп хабарлайды turkistan.today

Аталған олимпиадаға еліміз алғаш рет қатысып, республикалық маңызы бар үш қаланы қосқанда 12 аймақтан жалпы саны 2691 оқушыны қамтыды.

KGL Contest – ағылшын тілін шет тілі ретінде меңгеріп жүрген 8-17 жас аралығындағы оқушыларға арналған беделді халықаралық жарыс. Олимпиада оқушылардың тілді меңгеру деңгейін анықтауға, оларды қызықтыру мен ынталандыруға бағытталған. Ағылшын тілі деңгейін нақты бағалауға мүмкіндік беретін бұл олимпиада 2017 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын 40-тан астам елдің оқушыларын біріктіреді. Олимпиаданың ұйымдастырушысы – International Testing Authority (ITA).

KGL Contest олимпиадасы үш кезеңнен тұрады: екі ұлттық тур (Stage I және Stage II) және бір халықаралық финал – Global Event. Соңғы кезең Еуропа елдерінің бірінде өткізіліп, қатысушыларға әлемнің түкпір-түкпірінен келген құрдастарымен танысу және халықаралық деңгейде бақ сынауға мүмкіндік береді. Олимпиада CEFR (Common European Framework of Reference) жүйесіне сәйкес Pre-A1, A1, A2, B1, B2 деңгейлерінде өткізіледі.

 
Ағылшын тілі бойынша әр деңгейдің жеңімпаздары – I, II және III орын иегерлері ақшалай сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар A1, A2, B1 және B2 деңгейлері бойынша бірінші орын алған оқушылар Грекияның Салоники қаласында өтетін марапаттау рәсімі мен халықаралық финалға жолдама алады.

Олимпиада жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, International Testing Authority (ITA) ұйымының бас директоры Майкл Карти, сондай-ақ Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев қатысты.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.