28 жастағы UFC боксшы Шавкат Рахмонов қыздардың жүрегін жаулап алды, деп Turkistan Today хабарлайды inbussines.kz. дереккөзіне сүйене отырып.
Америкалық Джефф Нилді 17:0 есебімен жеңгеннен кейін Шавкаттың бейнероликтері әлеуметтік желілерді дүр сілкіндірді.
UFC салмақ өлшеу шоуының эфирінде спорт журналисі Лаура Санко жеңіліс көрмеген қазақстандықты көргенде "денесі тітіркеніп кеткенін" мойындады. Бойжеткен Шавкаттан сұхбат алуды армандайтынын анық айтты.
Боксшының өзі кең таралған видеоға қатысты пікір білдіріп, мұндай ілтипатқа риза болғанын айтты.
"Мұндай жағдайда не айтарымды да білмеймін. Әйел адам мақтап жатса ер адам ретінде риза боласың", - деді боксшы.
Спортшының әйелі бар екенін білетіндер аз, бірақ ол отбасын көпшілік алдына сирек шығарады.
Айта кетейік, былтыр Шавкат ұлды болды. Есімі - Керем.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.