Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында стратегиялық міндет қойды – адами капиталға жүйелі инвестициялар арқылы Әділетті Қазақстан құру. Бұл тапсырма Үкімет атқарып жатқан кешенді жұмыстың негізіне айналды,- деп хабарлайды turkistan.today
Мектептен мамандыққа: сұранысқа ие кадрлар және қол жетімді жоғары білім
Президент Жолдауында көрсетілген адами капиталды дамыту бағытына сүйене отырып, Үкімет кәсіптік және жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру бойынша кешенді саясатты жүзеге асыруда. Жұмыс әрбір жас қазақстандықтың сапалы мамандық алуға әрі өз әлеуетін асыруға мүмкіндік алуына бағытталған. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі (ТжКБ) нарық талаптарына барынша сәйкестігі үшін қайта форматтау жүргізілуде.
Жаңа кәсіптер атласы әзірленді, онда 900-ден астам жаңа білім бағдарламасы өзектендіріліп, 510-нан астам жаңа бағдарлама әзірленген. Атлас негізінде 9 өңірде кадрларға қажеттілік карталары жасалды. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында Jas Skills және Junior Skills конкурстары өткізіледі, ал 107 мыңнан астам оқушы «Мансап компасы» платформасында кәсіби диагностикадан өтті. Отандық бес колледжді халықаралық деңгейге көтеру бойынша жұмыс басталды.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бастапқы капиталды қалыптастыруға көмектеседі, 2024 жылдың қорытындысы бойынша балалардың шоттарына $8 880 млн түсті. Мемлекеттің қатысуымен жүзеге асатын жаңа "Келешек" жинақтаушы жүйесі (60 АЕК бастапқы капитал және 7% дейінгі сыйлықақы) ата-аналарға білім беруге жоспарлы түрде 5 млн теңгеден астам қаражат жинауға мүмкіндік береді. Студент мемлекеттік грант алған жағдайда, "Келешек" бағдарламасы бойынша жинақталған қаражат тұрғын үй сатып алуға бағытталуы мүмкін», — деп атап өтті ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Инновациялар және халықаралық әріптестік: білім беру хабын құру
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан әлемдік білім кеңістігіне кіріге отырып, өңірлік білім беру хабына айналуға ұмтылуда. Бүгінгі таңда елімізде Британдық Cardiff және Coventry University, немістің Anhalt, итальяндық Politecnico della Marche, корейлік Woosong University және МГИМО сияқты жетекші шетелдік университеттердің 24 филиалы ашылды.
«Серіктес-елдер географиясы, сондай-ақ АҚШ, Қытай және Францияны да қамтиды, ал 2025 жылы инженерлік-техникалық мамандықтарға басымдық беретін тағы 10 жаңа филиал ашу жоспарлануда. Олардың кейбіреулері, мысалы, De Montfort, Coventry, Cardiff және Woosong сияқты, толыққанды жеке кампус форматында жұмыс істейтін болады. Осымен бір мезгілде қазақстандық білім жүйесі шетелде де қанат жаюда: ҚазҰУ-дың Ресей мен Қырғызстанда филиалдары (Бішкекте 2022 жылдан бері 1300-ден астам студент оқиды), сондай-ақ Өзбекстанда Әуезов университеті жұмыс істеп тұр», — деді министр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.