Шымкентте жер сілкінді

Шымкентте жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 21 наурыз күні сағат 22:47:30 жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Фото: smi24.kz

Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 16.1. MPV магнитудасы - 7,8. Эпицентр координаттары - 37,00° солтүстікке қарай - 71,12° E. Тереңдігі - 120 км", - деп жазды "СОМЭ" ЖШС.

МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық, Алматы, Түркістан, Қызылорда аймақтарында 2 балдық деңгейде сезілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0