Шымкенттің экс әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің Лондонға іссапармен барып, видео түсіріп, “Қазақстанда жұмыс істеп, Лондонда өмір сүру керек” деп айтқан сөзі әлеуметтік желіге тараған еді. Алайда ол видеосы тез тарап, өзінің қызметінен “қуылуына” себеп болды. Бүгін ол өз парақшасында істің мән-жайын түсіндіріп жазба жариялады, деп хабарлайды Turkistan Today.
“Менің Шымкент қаласы әкімі лауазымынан босатылғаныма міне, 4 жылға жуықтапты. Бірақ әлі күнге дейін маған қатысты түсініксіз жайттардың, атап айтқанда Лондоннан жасаған “атышулы” бейнежазбамның айналасындағы алып қашпа әңгімелер адам сенгісіз аңыздар мен жорамалдарға ұласып басылатын түрі жоқ”,- деп ол, Лондонда не өзінің, не туыстарының жылжымайтын мүлкі жоқ екендігі туралы жазды.
Сондай-ақ ол өзіне жабылған жалған жала екенін айтқан.
“2019 жылдың маусым айында мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің шақыруымен Лондонға үш күндік іссапармен ұштым. Сапардың мақсаты Шымкентте екі кәріз тазарту құрылысын салу үшін ЕҚДБ-мен инвестициялар тартуға арналған меморандумға қол қою болды. Өйткені қалада жұмыс істеп тұрған кәріздік тазарту жүйелері жеткіліксіз еді. Мемлекеттік бюджеттен бұл мақсаттарға қаржы көзделмеген. Қызметтік мәселені шешкен соң, қаланы серуендеуге шықтым”,-деп жазды экс әкім.
“Инстаграм аудиториясындағы жастарды қарата, біздің отанымыз Қазақстан және біздің парызымыз өз елімізді тастап кету емес, керісінше оны өркендету үшін өмір сүріп, еңбек ету екендігін, ал шетелде қосымша білім алатын, саяха қа арналған орын екенін айтып бейнежазба жарияладым. Өкінішке орай, бұл жазбамды бәзбіреулер бұқаралық ақпарат құралдарында маған қарсы ұйымдастыру үшін шебер пайдаланып, жымысқы ойларын аудиторияның санасына сіңіріп үлгерді.
Содан бері төрт жыл өтіпті. Бірақ мен әлі күнге дейін нағыз қазақ үшін Қазақстаннан артық ел жоқ және болуы да мүмкін емес деп санаймын. Ал шетелде оқуға, саяхаттауға болады. Туған жердің топырағына, туған үйдің түтініне жететін ештеңе жоқ.
Қазір мен мемлекеттік қызметкер емеспін және кез-келген мәселе бойынша өз ұстанымым бар адаммын”,-деді ол жазбада.
Сонымен қатар Ғабидолла Әбдірахымов көрінеу жалған ақпарат таратындармен заң аясында сөйлесетінін ескертті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.