Сұмдық! Қазақстан медицинасы 89 елдің ішінде 82-орында

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 10 ақпан, 2023

Бұл мәселеде Қазақстанда ауыз толтырып айта қоярлық ештеңе жоқ: 89 елдің ішінде бар болғаны 82-орын, деп Turkistan Today хабарлайды Finprom.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Бірқатар елдерде жоғары сапалы қолжетімді дәрі-дәрмек — өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы бүкіл адамзат үшін теңдік пен жарқын болашаққа қол жеткізу үшін өзара байланысты 17 мақсат жиынтығын қабылдады, олардың бірі салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамның әл-ауқатын арттыру.

ДДҰ мәліметінше, табысы төмен және орташа елдерде (ТТОЕ) жыл сайын 5,7 млн-нан 8,4 млн-ға дейін адам сапасыз медицинаның кесірінен көз жұмады.

Жаһандық деңгейде сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажетті базалық құрылымдар жеткіліксіз: әрбір сегізінші медициналық мекеме сумен қамтылмаған, әрбір бесінші медициналық мекемеде санитарлық-гигиеналық қызмет жоқ, әрбір алтыншы мекемеде қол гигиенасы бойынша қызмет көрсету орны жоқ.

CEOWORLD журналының мәліметінше, Оңтүстік Корея, Тайвань және Дания инфрақұрылым, медицина қызметкерлерінің құзыреттерін, медициналық қызметтердің құнын, сапасын және мемлекеттік аппараттың дайындығын ескере отырып, әлемдегі ең жақсы денсаулық сақтау жүйесіне ие.

Зерттеу барысында ТМД елдері арасында Беларусь (89 елдің ішінде 57-орын), Ресей (58-орын), Украина (81-орын), Қазақстан (82-орын) және Әзірбайжан (86-орын) сияқты елдер бағаланды. Рейтингтегі негізгі көрсеткіштер бойынша ТМД елдері көптеген мемлекеттерден айтарлықтай төмен және олардың ешқайсысы көшбасшылыққа үміткер емес.

Қаржысыз сапалы медицинаны қамтамасыз ету мүмкін емес. Секторды лайықты қаржыландыру барлық елдер үшін басты басымдық болып қала береді.

Соңғы бірнеше жыл ішінде, worldbank мәліметінше, әлемде денсаулық сақтау саласына жұмсалатын орташа шығын әлемдік ІЖӨ-нің 9,1–9,8%-ын құрайды.

ТМД елдері арасында бұл көрсеткіш тек Арменияда ғана әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары: елдің ІЖӨ-нің 11,3%-ы. Украина мен Тәжікстанда саланы қаржыландыру деңгейі ІЖӨ-нің 7,1%-ы, Түркіменстанда — 6,6%, Молдовада — 6,4%, Беларусьте — 5,9%, Ресей мен Өзбекстанда — 5,6%, Қырғызстанда — 4,5%, Қазақстанда бар болғаны 4,5%.

Қазіргі денсаулық сақтау шығындары жан басына шаққандағы орташа есеппен 1,1 мың АҚШ долларын құрайды. АҚШ пен Еуропаның көптеген елдері — Швейцария, Норвегия, Люксембург, Дания, Швеция, Германия әрбір азаматқа ең көп ақша жұмсайды.

ТМД елдерінде жан басына шаққандағы денсаулық сақтау шығындары әлдеқайда төмен. Мәселен, Ресейде бұл көрсеткіш небәрі 653,4 АҚШ долларын, Арменияда — 524 АҚШ долларын, Түркіменстанда — 500 АҚШ долларын, Беларусьте — 399,4 АҚШ долларын, Молдовада — 284,3 АҚШ долларын, Қазақстанда — 273 АҚШ долларын құрайды. Өзбекстанда — 98,6 АҚШ долларын, Қырғызстанда — 62,1 АҚШ долларын, Тәжікстанда — жан басына шаққанда бар болғаны 61,9 АҚШ долларын құрайды.

Фото: azattyq-ruhy.kz

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.