2024 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы жыл қорытындысы бойынша брифинг өтті,- деп хабарлайды turkistan.today
Іс-шара барысында институт сарапшылары әлеуметтік, ішкі саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы 2024 жылдың ең маңызды 3 оқиғалары мен жетістіктерін атай отырып, аяқталып жатқан жылдың негізгі оқиғалары мен трендтеріне талдамалық шолу жасады.
Осылайша, ҚСЗИ сарапшыларының пікірінше, 2024 жылы Қазақстан үшін ең маңызды қоғамдық тренд ҚР Президентіне сенімнің күшеюі болды, бұл азаматтардың көшбасшыны және оның шешімдерін қолдауға дайындығын көрсетеді. ҚСЗИ мәліметтері бойынша Президент Қ.К. Тоқаевқа сенім деңгейі 80,5%. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш әлеуметтік-экономикалық қиындықтар жағдайында да тұрақты жоғары болып отыр.
2024 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы жыл қорытындысы бойынша брифинг өтті.
«Сауалнама деректері көрсеткендей, халықтың басым көпшілігі Қазақстанды ұлттың азаматтылығы, яғни тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы басым біртұтас ұлт ретінде қарастырады. Осылайша, ұлттық бірегейлік Қазақстанның мәдени әртүрлілігінің біріктіруші факторы бола отырып, мемлекеттегі сенім мен ынтымақтастықтың өсуіне ықпал етеді»,— деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Айгерім Абдірашитова.
Сондай-ақ ҚСЗИ сарапшылары қазақстандықтардың жеке және ел деңгейінде өткен жылдың қорытындылары туралы бағаларымен бөлісті. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтар жеке деңгейде өтіп жатқан жылдың қорытындысына оң баға беруде. Халықтың төрттен бір бөлігі (25,1%) үшін жыл «өте табысты» болды; азаматтарымыздың тең жартысы үшін жыл «жалпы жақсы» болған(52,3%).
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.