Түркістан өңірінде 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр

Фото: Facebook/ Spk Turkistan
Фото: Facebook/ Spk Turkistan
Түркістан 13 желтоқсан, 2024

Әлеуметтік дүкендер халықтың күнделікті тұтынатын ең қажетті азық-түлік тауарларын төмен бағада ұсынып келеді. Бүгінде Түркістан өңірінде 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді,- деп хабарлайды turkistan.today

Оның 26-сы Түркістан қаласында болса, 10-ы Кентау мен Арыс қалаларында орналасқан. Солардың ішінде 23 жаңа дүкен бірыңғай үлгіде салынған. 8-і жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен ашылса, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ 15 дүкенді іске қосты. Әрқайсысының аумағы – 50 шаршы метр. Бұдан бөлек, қаладағы 4 ірі сауда үйі мен 25 сауда орнында әлеуметтік бұрыштар қойылған.
 
 Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, бұл бастама Төлеби, Сарыағаш, Жетісай, Шардара аудандарында да жалғасын тапты.

 Әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда нан, 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы нарықтан 40-50 пайызға төмен сатылады. Мәселен, нан бөлкесі 70 теңгеден, қырыққабаттың келісі 55 теңгеден болса, картоп пен сәбіз 100 теңгеден, жұмыртқа данасы – 40 теңге, сиыр еті - 2000 теңге, тауық еті - 970 теңге, сүт - 260 теңге, сары май - 2300 теңге, сүзбе 1300 теңгеден теңгеден халыққа ұсынылып жатыр. 
 
 ҚР Ұлттық экономика министрлігінің биылғы статистикалық мәліметіне сүйенсек, Түркістан қаласы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бойынша республика көлемінде алғашқы бестіктен орын алып отыр. 
 
 «Түркістан» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.Айтуынша, сауда үстемесі мен негізсіз баға өсіруді бақылау және алдын алу бағытында шаралар күшейтілген.

Азық-түлік тауарлары жәрмеңкесі жыл басынан бері аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері тұрақты түрде өткізіледі. Түркістан қаласындағы «Қуаныш» және «Алтынбұлақ» базарларында өнімдер 20-30 пайызға дейін арзан бағада сатылады.Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында жалпы құны 5 млрд. теңгені құрайтын 10 мың тоннаға жуық азқ-түлік тауарлары мен 3 млн дана жұмыртқа өнімі бар. «Айналым схемасы» шеңберінде кәсіпкерлік субьектілеріне бағаны тұрақтандыру үшін  берілген қарыздар – 3,3 млрд теңге.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.