Түркістан: Мамандар жылыту маусымы қарсаңында қауіпсіздікті сақтауға шақырды

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 20 қараша, 2024

Жыл басынан бері тіркелген өрт оқиғаларының 200-і тұрғын үйлерде болған

2024 жылдың басынан бері облыста 361 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған. Орын алған жағдайлардың 114-і электр сымдарының қысқа тұйықталуы әсерінен туындаған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысының орынбасары Нұрболат Педен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Жыл басынан бері тіркелген өрт оқиғаларының 200-і тұрғын үйлерде болған. Жалпы шығын 395 миллион 915 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 2024 жыл басталғалы бері көмірқышқыл газынан уланудың 54 жағдайы тіркеліп, салдарынан 4 адам қаза тапты» - деді спикер.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Асқар Сейсеновтің айтуынша, шаһар бойынша 4 766 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тізімі түзіліп,  улы газдан улануды болдырмау мақсатында отбасылардың тұрғын үйлері "Өрт қауіпсіздік» айлығы аясында тексерілген. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан қаржыландыру жұмыстары жүргізіліп,  50 тұрғын үйге газосигнализатор орнатылған.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.