Түркістан облысының 2000-нан астам ауыл оқушысы республикалық «IQanat» Олимпиадасына қатысады. Бірінші турдан сәтті өткен білімділер Қазақстан бойынша ақтық сынға өткен 1000 оқушының қатарына ену үшін 3 күн бойы тістілеуден өтпек,- деп хабарлайды turkistan.today
Биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі – «Peer-to-Peer» жобасы болмақ. Жаңа бастама нәтижесінде, жоғары сынып оқушылары мен «IQanat» түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі. Айта кетейік, емтиханға қатысушылар тек тестілеуге ғана қатысып қоймай, тренинг, квест секілді командалық ойындар мен шараларға қатысады. Балаларға 11 тәлімгер мен «IQanat» жобасының 7 қатысушысы көмектеспек.
«IQanat» олимпиадасы - жыл сайын ауылдардан 50 000-нан астам 8-сынып оқушылары қатысатын ауқымды жоба. Олимпиада қатысушыларының 70%-ы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. Жобада жеңімпаз атанған оқушылар Nazarbayev University, University of Chicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтан өтуге мүмкіндік алады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.