Түркістан: Сарыағашта спорт және workout алаңшасы ашылды

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Спорт 16 қыркүйек, 2024

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымның балаларға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде,- деп хабарлайды turkistan.today

Осы бағытта ауданға қарасты Жылға ауылдық округі, Шеңгелді елді мекенінде заманауи спорт және Workout алаңшасы бой көтерді. Аталған спорт алаңшасына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, ашылу салтанатына қатысып, жылы лебізін білдірді.

Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынған. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында кіші футбол алаңы, автотұрақ, сонымен қатар Workout- пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталып, балаларға арналған ойын әткеншектері орнатылған. Мұнда балалар волейбол, футболдан сайысып, қосымша спорт түрлерімен де айналыса алады.

Одан бөлек Жылға елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүруде.

Қазіргі таңда, нысанның ішкі қабырғалары қаланып, ішкі электр жүйелерін тарту және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ғимараттың еденіне кафельдер жабыстыру және ішкі кәріз жүйесі, сыртқы сэндвич панель орнату жұмыстары жүргізілуде.
 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.