Британиялық боксшы Джимми Келли қазақстандық боксшылар – Геннадий Головкин және Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді деп Turkistan Today хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Келли былтыр қазақстандық Қанат Исламнан төрешілер шешімімен басым түскен болатын – 97-93, 96-94, 95-95. Бұл Қанат Исламның карьерасындағы бірінші жеңілісі болды.
«Әлемнің мықты боксшыларына бәсекелес бола аламын. Жеке тұлға және боксшы ретінде өсіп келемін, маған Жәнібек Әлімханұлы сияқты аты шыққан боксшылар керек. Ол баяулап барады, ал мен керісінше, тағы бір қазақтың «басын жұлып алғым» келеді.
Менің мақсатым – биылға бір үлкен айқас, Жәнібекпен Ұлыбританияда жұдырықтасу. Егер Головкин орта салмақта бір айқас өткізгісі келсе, мен дайынмын. Аты шыққан бір қазақты жеңдім, оларды ары қарай сабай беремін», – деді ол.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.