Талас-Атлах шайқасын жаңғырту қажет – Серік Сәлемов

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркі әлемі 27 ақпан, 2023


Мұндай пікірді білім саласының белгілі сарапшысы, М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры Серік Сәлемов «Qasqa Jol» Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты.
«Халқымыз тұтас біле бермейді, бірақ Жамбыл жерінде болған «Талас-Атлах» шайқасының негізінде Қытай әскері кейін шегеріліп, жерімізде ислам діні қалыптасып, тарады. Міне, осы шайқасты тереңірек зерттеп жандандыру керек. Өзім жұмыс істейтін Дулати өңірлік университеті қазір осымен айналысып жатыр. Бұл соғыс жөнінде тарихи фильм де жасауға болады. Бұл идеологиялық маңызы зор шаруа болар еді», - дейді Серік Сәлемов. 
Айта кетейік, кейде Талас, кейде Атлах шайқасы деп аталып жүрген қытай және араб әскерінің арасындағы шайқас 751 жылы Тараздан 25 шақырым жерде орын тепкен ежелгі шаһардың қанаттас қаласы – Атлах қаласының маңында өткен. Араб халифатына билікке келген Аббас әулеті бұл уақытта Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түскен еді. Ал Шығыс Түрік қағанатының әлсірегенін пайдаланғысы келген Тан әскері Таластағы араб иеліктеріне көз тігеді. Нәтижесінде Атлахта екі қытай мен араб әскері соғысып, елу мың қытай әскері қырылып, ықпалы әлсірейді. Бұл оқиға өңірде, жалпы Орта Азияда ислам дінінің кең қанат жаюына тікелей үлкен әсерін тигізді.
Тарихи маңызы зор бұл шайқас жайлы деректер Қазақстан тарихында деректер қазір өте аз. 

Сұхбаттың толық нұсқасын https://www.youtube.com/watch?v=3DZrh5h0TUU  сілтемесі арқылы көре аласыз.

1.6k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.