“Таза Қазақстан”: Түркістан облысының жастары ауыл көшелерін тазалады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 14 сәуір, 2024

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ауыл жастары, волонтерлер «Таза Қазақстан»  республикалық экологиялық акциясы аясында Сауран ауданы, Бабайқорған ауылында тазалық жұмыстарын өткізді,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам –  Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жанашырлықты қалыптастыру. Сонымен қатар айналаны таза ұстау және экологиялық тазалықты сақтау арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сондай-ақ аудан, қала көшелерін ретке келтіру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. 

Айта кетейік, бүгінгі сенбілікке 200-ге жуық жас қатысты. Олар ауыл көшелеріндегі ағаштарды әктеп, қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.

592

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.