Түркістан: 824 мектепке санитариялық тексеру жүргізілді

Түркістан: 824 мектепке санитариялық тексеру жүргізілді
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов айтты.


Спикердің сөзінше, мектептер эпидемиялық мәні жоғары объектілер тізіміне жататындықтан, жылына 1 рет санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйі тексеріліп отырады. Тексеруден 30 күн бұрын мекеме басшылығына тексеру парақтарының сұрақтарын көрсете отырып, хабарланады. 


– Биыл 11 айда департаментке қарасты басқармалар тарапынан 874 мектеп ерекше тәртіп бойынша тексеруге жоспарланып, 824-ы тексерілді. Осы ретте анықталған кемшіліктерге сәйкес 876 тұлғаға 271 672 785 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс бастаған 426 материал, берілген ұйғарым талаптарды орындамаған 87 материал сотқа жолданды, - деді Асқар Бекболатұлы.


Айта кетейік, білім беру қызметі барысында ағымдағы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының заңнама талаптары бұзылғаны анықталса, жеке тұлғаларға айыппұл салынады. 


Атап айтқанда, мектеп жиһазының таңбаланбауы, сабақтар арасындағы үзіліс уақыты сақталмауы мен сабақ кестесі қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесінің гигиеналық талаптарға сәйкес бекітілмеуі кемшіліктер қатарына жатады. Сондай-ақ, қоқыс жәшіктерінің, санитариялық тораптардың уақытылы тазаланбауы мен дезинфекцияланбауы сынды олқылықтарға да айыппұл салынады.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0