Түркістан облысында биыл 5 қараша күні аудан әкімдерінің сайлауы Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ және Шардара аудандарында өтеді. Бекітілген күнтізбелік жоспарға сай аудан әкіміне кандидатты ұсыну 2023 жылдың 16 - қыркүйегінен басталып, 5 қазан күні аяқталды. Жалпы аудан әкімдерінің сайлауына 30 кандидат ұсынылды. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Turkistan Today.
- Ұсынылған кандидаттардың 9-ы (30%) - саяси партиялар тарапынан, 21-і (70%) - өзін-өзі ұсынғандар. Бәйдібек ауданында – 9, Созақ ауданында – 8, Мақтаарал ауданында - 7, Шардара ауданында – 6 кандидат ұсыныс берген. Кандидаттардың барлығы ер азаматтар. Үміткерлердің орташа жасы – 45, ең жасы – 29-да, жасы ең үлкені – 61-де, - деді Жеңіс Тілләбайұлы
2023 жылдың 5 қазандағы жағдай бойынша ұсынылған 30 кандидаттың 10-ы ресми тіркелген, ал 3 кандидат талапқа сәйкес еместігі анықталған. Қалған кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүруде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.