Түркістан қалалық орталық ауруханасы жаңа деңгейге көтерілуде

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 16 мамыр, 2024

Денсаулық сақтау саласы мемлекетіміздің саясатында стратегиялық басымдықтарға ие екені белгілі. Облыс орталығында орналасқан Түркістан қалалық орталық ауруханасы бүгінде облыс бойынша медициналық қызметтер нарығында жоғары деңгейдегі ірі емдеу мекемелерінің бірі,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ауруханада 26-дан астам құрылымдық бөлімше бар. Оның ішінде, 15 – клиникалық және 9 – параклиникалық. Орталықта халыққа хирургия, ангиохирургия, гинекология, урология, офтальмология, травматология, нейрохирургия, интервенциялық кардиология, оториноларингология, жақ-бет хирургиясы, терапия, нефрология, эндокринология, пульмонология, кардиология, неврология, ревматология бейіндері бойынша мамандандырылған шұғыл-жоспарлы стационарлық және консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетіледі.

Ауруханада білімі мен біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол кәсіби ұжым жұмыс істеп, өңіріміздегі медицина саласының үздіксіз дамуына, заманауи жоғары технологиялық деңгейге шығуына үлес қосып келеді. Оның бір дәлелі – еліміздің жетекші жақ-бет хирургі Қанағат Қожамжаров осы мекемеде қызмет атқарады. Ол туа біткен ерін, таңдай жырығы және альвеолярлық өскіні (альвеолярный отросток) бар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көз, мұрын және жоғарғы жақ сүйектерінің ауыр жарақаттарымен түскен пациенттерге күрделі қалпына келтіру және пластикалық бірегей ота түрлерін орындауда. Атап айтқанда, хейлопластика, реконструктивті хейлоринопластика, уранопластика, палатопластика, анкилопластика, альвеопластика, френулопластика, остеосинтез.

Қазіргі уақытта жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен жырықтары бар балалардың туу жиілігі артып келе жатқандығы өзекті мәселелердің біріне айналғаны жасырын емес. Себебі, бұл – барлық туа біткен ақауларының шамамен 13%-ын құрайды және соңғы жылдары мұндай пациенттердің саны 2 есе өскен. Мәселен, 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге  дейін Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының және Шымкент қаласының бүлдіршіндеріне 700-ден аса жоспарлы және 50-ден аса шұғыл ота түрлері сәтті өткізілді.

Ауруханада тәжірибелі және талантты жас мамандар қатары толтыруда. Мұнда инновациялық жоғары технологиялық оталар қолданысқа сәтті енгізілген. Түркістан қалалық орталық ауруханасының басшысы Б.Берденов қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмайтынын тілге тиек етіп, халыққа жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша маңызды жұмыстар жоспарланғанын және аурухана дамуына бағытталған жаңа нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткізу бағытында күш салынып жатқанын айтты.

579

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.