Түркістан: Келесте аз қамтылған отбасыларға арналған қолдау орталығы ашылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 22 тамыз, 2023

Түркістан облысына қарасты  Келес ауданында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламалар бөлімінің жанынан Әлеуметтік психологиялық сүйеумелдеу бөлімшесі іске қосылған болатын. Бөлімшеде заңгер, психологтар мен қатар әлеуметтік қызметкерлер аудан тұрғындарына сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Аталған қолдау орталығының жұмыс барысымен Түркістан облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Асия Темірбаева арнайы танысып, жауапты мамандарға бірқатар ұсыныстарын жеткізді. 

— Бұл орталықтың жұмысымен жіті таныспын. Қолдау орталығы бүгінгі таңда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасыларға құқықтық, психологиялық тұрғыда және әлеуметтік көмек көрсету бойынша түрлі жұмыстар атқарып келеді. Мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері орталықтың қызметіне 128 азамат  жүгінген. Алдағы уақытта "Отбасын қолдау орталығы" бағдарламасына сәйкес аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында “Қамқорлық” және “Бақытты отбасы” бағдарламалары біріктіріліп аудан тұрғындарына қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда, - деді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар жаңа орталық, отбасындағы орын алып жатқан ұрыс-керістің алдын-алу,  шаңырақ ынтымағын сақтау сондай-ақ түрлі жағдайда, қиындыққа ұшыраған отбасыларға қол ұшын созу мақсатында бой көтереді. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

652

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.