Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапары барысында жаңбырлатып суару машиналарын жасау ісін қолға алған «BNK Group LTD» ЖШС-де болып, жұмыс барысын бақылады. Жоба құны – 1,2 млрд. теңге. 2023 жылы құрылған кәсіпорын жылына 400 дана техника шығаруға қауқарлы. Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Turkistan Today.
Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологиялар ендіру, өндіріс орындарын ашу бағытындағы осындай жобаларды көбейтуді тапсырды.
Бұрын шетелден әкелінетін жаңбырлатып суару машиналары енді Кентауда шығарылады. Кәсіпорын басшысының айтуынша, мұнда жаңбырлатып суару машиналарымен қатар су сорғыш насостары да шығарылмақ. Сондай-ақ тракторларға сервистік қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта жоба толық жүзеге асқаннан кейін жұмысшылар саны 100-ге жетеді деп күтілуде.
Айта кетейік, бұл машиналар ағын суды 40 пайызға дейін үнемдейді әрі өнімділікті арттырады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.